Марат Жыланбаевты қолдаған тағы бір адам сотқа тартылды

Бибігүл Иманғалиева

Алматыда белсенді Бибігүл Иманғалиева 10 тәулікке қамалды. “Белсенділер экстремист емес” тобының мәліметінше, белсендіге “бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу” бабы (488-бап, 6-бөлік) бойынша айып тағылған.

Сот шешімінде Бибігүл Иманғалиева биыл 7 сәуірде Ақмола облысы Степногорскідегі түрме маңында “ бір топ адаммен бірге Марат Жыланбаевты қолдап, рұқсат етілмеген” митингіге қатысқаны жазылған.

Сот кезінде Иманғалиева өзіне тағылған айыппен келіспеген. Ол “заң бұзбағанын, ешкімге зиян тигізбегенін” айтқан.

Бибігүл Иманғалиева 6 тамызда Жыланбаевтың жағдайына қатысты Алматыда өткен баспасөз конференциясында спикер болған. Қоғамдық-саяси мәселелерге қатысты пікірін ашық айтып жүрген белсенді бұған дейін талай рет әкімшілік жазаға тартылған.

Бұған дейін Алматы әкімшілік соты түрмедегі оппозиция белсендісі, марафоншы Марат Жыланбаевтың денсаулығына қатысты дабыл қаққан құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожинаны "жалған ақпарат тарату" бабы бойынша кінәлі деп танып, 78 мың теңге айыппұл салған. Құқық қорғаушы өзіне тағылған айыптарға келіспеген.

Оның алдында Көкшетауда Жыланбаевтың видеосын талап еткен белсенді Назгүл Жүсіпова 10 күнге қамалған. Әкімшілік сот оны “полиция талабына бағынбау” бабы бойынша кінәлі деп таныған. Сот қаулысында белсендінің 28 шілдеде Ақмола облыстық полиция департаменті ғимаратында полиция қызметкерінің “намысына тиетін сөз айтып”, “өзін дөрекі ұстағаны” жазылған. Сотта белсенді тағылған айыптармен келіспеген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

"Марат Жыланбаев жолымен". 75 шақырым құмды жаяу кесіп өткен сапар Марат Жыланбаев жайлы қоғам өкілдерінің дабылы омбудсменге "хайп" болып көріндіҚолданушылар Жыланбаевтың видеосын жариялауды, тәуелсіз құқық қорғаушыларды кіргізуді талап етті "Спортпен шұғылданады, кітап оқиды". Жыланбаевтың жаңа суреттері жарияланды«Бәріне төземін». Жыланбаев түрмеден хат жаздыМарат Жыланбаев туралы фильм Алматыда көрсетілмейтін болдыЖыланбаевтың әйелі белсендінің жеке заттары тәркіленгенін айтты. ҚАЖД жоққа шығардыМарат Жыланбаевтың адвокаты белсенді түрмеде аузын тіккенін хабарлады